Ассалаумалейкум уа рахматтуллахи уа барякатух мұсылман қауым! Сіздерді шын жүректен бізге келіп жеткен Алланың ең үлкен мейірімі түскен, қасиетті Құран түскен айымыз, барлық айлардың ардақтысы саналатын Рамазан айымен құттықтағым келеді. Баршамызға осы ардақты айда ораза ұстап, осы айға жеткізген, осы айды көруге нәсіп еткен Алла тағалаға сансыз шүкіршілік, сансыз мадақтар болғай. Осы айда барынша аса ықыласпен көп құлшылық етіп, көп сауаптар жинауға, барша күнәларіміздан құтылуға әрекет етіп қалайық. Алла тағала баршамыздың тілеген тілек дұғаларымызды қабыл қылсын! Осы айда тек жақсы әрі жұмсақ сөздер айтайық себебі осы айда түсетін періштелер саны тек Алла тағалаға ғана мәлім, бірақ олардың көптігі сонша жер бетіндегі майда тастардан да көп делінген, тағы бір жерде осы айда түскен періштелерге жер беті таршылық етет делінген.Сондықтан да " Жақсы сөз жарым ырыс" дегендей қазақта жақсы сөз сөйлеп, көөөп тілек тілеп көөөп Құран жаттайық ағайын! Келесі Рамазан айына аман - есен жетуге жазсын баршамызға Ин ша Алла) Аминь

Теги других блогов: ораза мұсылмандар Рамазан айы